Дін мен дәстүр сабақтастығы талқыланды
Ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында «Дін және дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараға аудан бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Отырыс барысында қазіргі қоғамдағы маңызды жайттар жайында сөз қозғалды. Оның ішінде негізгі талқыланған мәселе дін мен дәстүрдің сабақтастығы. Және де дін мен дәстүрді қатар ұстау барысында түсінбестіктерге жол бермеу, әр түрлі дұрыс емес діни бағыттардан жастарымыздың бойын аулақ ұстау сынды өзекті мәселелерге қатысты өздерінің келелі ойларын ортаға салып, дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар пікірлерін білдірді.
Осылайша, отырыс өте мазмұнды да тартысты өтті. Шара соңында қатысушыларға естелік сый табыс етілді.
Қарғалы-АҚПАРАТ