Буллинг – үнсіз қалуға болмайтын мәселе

фото ашық дереккөз
Бүгінде мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездесетін психологиялық қиындықтардың бірі – буллинг. Буллинг – бір оқушының немесе топтың басқа оқушыны жүйелі түрде қорқытуы, мазақ етуі, шеттетуі немесе психологиялық қысым көрсетуі. Бұл тек физикалық емес, эмоциялық, әлеуметтік және кибер кеңістікте де орын алады.
Буллингтің түрлері:
– Физикалық – итеру, соғу, затын жою;
– Психологиялық – қорқыту, кемсіту, қысым көрсету;
– Әлеуметтік – топтан шеттету, елемеу;
– Кибербуллинг – интернет арқылы жазалау, мазақ ету, арандату.
Белгілері:
– Бала үндемей қалуы, көңілсіз жүруі;
– Мектепке барғысы келмеуі;
– Ұйқысы бұзылуы немесе тәбеті нашарлауы;
– Денсаулығына жиі шағымдануы;
– Жаңа ортада өзін оқшау ұстауы.
Психолог кеңесі:
- Баланы тыңдаңыз. Оның сезімі мен айтқандарын жоққа шығармаңыз.
- Қауіпсіз орта жасаңыз. Отбасында да, мектепте де бала өзін қорғалған сезінуі керек.
- Қорғануға үйретіңіз. Өз ойын айту, “жоқ” деп айту дағдыларын қалыптастырыңыз.
- Мектеппен байланысыңыз. Сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесе жұмыс жасаңыз.
- Буллингке жол бермеңіз. Балаңыз басқаларға буллинг көрсетіп жүр ме – бұл жағын да бақылау қажет.
Есіңізде болсын:
Буллинг – уақытша жағдай емес, баланың психикасына ұзақ мерзімді зиян келтіретін күрделі мәселе. Оған немқұрайлы қарау – болашақ ұрпақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Балаға қолдау көрсетіңіз – ол өзіне сенімді болсын!
Психолог көмегі – әлсіздік емес, ақылды қадам.
А.ЕРМАХАНОВА,
аудандық білім бөлімінің әдіскері, педагог- психолог




