Бүгін республикалық референдум
Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру таңғы 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Референдум учаскелерінің жалпы саны 10 мыңнан асады. Оның 74-і ел аумағынан тыс жерде, яғни әлемнің 59 елінде жұмыс істейді. Қазақстанда 12 244 683 адам референдумда дауыс бере алады. Науқанға 30 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйым атынан 177 байқаушы қатысады.