Бруцеллез-аса қауіпті жұқпалы ауру
Бруцеллез (сарып) — жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық және үй жануарлары ауырады. Бірақ бруцеллез таралуында ұсақ және ірі қара мал маңызды рөл атқарады. Аса қауіпті, аурудың ауыр түрлеріне әкелетін қой мен ешкі бруцелла қоздырғышы болып табылады.
Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында жылына 12 айдан асқан ауыл шаруашылғы жануарларына екі рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Бруцеллез тудырушы микробтартобын бруцелла деп атайды. Бруцеллезбенбарлықауылшаруашылықмалдары, соныңішіндеәсіресе, қой, ешкі, іріқара және шошқа түліктері көбірек ауырады. Бруцелла бактериясы суда-3 айға дейін, мұз болып қатқан етте 10 айдан көп, сүтте 10-30 күн, топырақта 1,5-6 ай, брынза, май, сыр, айран өнімдерінде 10-3-4 ай, етте-12-47 күн, тұздалғантеріде 2 ай, жүнде 2-3 ай сақталады.Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұға береді. Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек. Ауру сырқаттың барлық мүшесіне зиянын тигізеді. Атап айтсақ, буындардың, жүрек-қантамырларының, демалу және ас қорыту жүйелерінің, зәр шығару органдарының, орталық жүйке жүйесінің, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың жұмысын шарлатады, көз бен құлақтың көру және есту қабілеті төмендейді. Егер толық ем қабылдамаса, адамның мүгедек болып қалуы ықтимал.
Бруцеллез ауруын жұқтыруға себеп болатын мән-жайлар: адам мал сойғанда қан арқылы, (кесіп алған немесе зақымдалған тері арқылы), өлі төлден, түсік тастаудағы материалдар, төл жанындағы су, зақымдалған жүн арқылы;ауру малдың сүтін, сүт тағамдарын ішкенде немесе жегенде; ауру малдың ластанған нәжіс, тағы басқа бөлінділерімен шаң-тозаң арқылы; ауру малдың етінен қанды кәуәп жегенде, тартылған еттен жұғуы мүмкін.
Қарғалы ауданында жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша 2024 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге 30878 бас мүйізді ірі қарадан, 30365 бас уақ малдан, 440 бас шошқадан қан сынамалары алынып, 114 бас мүйізді ірі қара малдың, 3 бас уақ малдың қан сынамаларынан бруцеллез ауруына оң нәтиже анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай жойылды.
Бруцеллез ауруының адамға жұғу жолы ауру малдарға қарау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, тамаққа зарарсыздандырылмаған сүт, сүт өнімдерін, етті қолданудан болады. Сол себепті сақ болыңыз және кездейсоқ сауда орындарынан азық-түліктерді алмаңыз, әрдайым сатушыдан өнімге сапа куәлігін (сертификат) көрсетуді талап етіңіз.
Бруцеллез ауруы-аса қауіпті жұқпалы аурулар тізіміне жататындықтан, Қарғалы ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын тұрғындар бруцеллезбен күресудің жалпы ережелерін қатаң сақтаулары қажет.
«ҚР АШМ ВБжҚК Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ