Боран, тұман, көктайғақ қауіпсіздік шараларына мән берген жөн!
Қыс маусымында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қалың қар мен боранның кесірінен көбіне көлік жолдары тайғақ жолға айналады. Осы күндері болатын көктайғақ, тұман және қатты желдің салдарынан жапа шекпеу үшін абай болу қажет. Яғни, алыс жолға шықпаған абзал және бұдан өзге де қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, қауіпсіздік шараларына мән берген жөн. Әсіресе, жолға шығар алдында СМС-хабарламаларға мән берген маңызды. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
өменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп себебін тигізеді.
Қыста жолға шығар алдында:
— мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;
— қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екендігін анықтаңыз;
— алыс сапарға шығар алдында әуелі автокөлігіңізді дайындап, көліктің барлық жүйелерінің техникалық жарамдылығын тексеріңіз және қажетті жанар-жағармайдың болуын естен шығармаңыз;
— қай жаққа және қашан шығатыныңызды жақындарыңызға және сіз баратын жақтың адамдарына ескертіңіз.
Егер боранды, желді күні көлікте тұрып қалсаңыз, мұндай қарапайым ережелерді есте сақтау керек:
— көлігіңізді тоқтатып және ашық түсті матаны іліп қою арқылы өзіңіз тұрған жерді белгілеу керек;
— машинаны қар басып қалмас үшін бір есікті ара-тұра ашып, мұз басқан жағдайда есікті итеріп, мұзды сындару қажет;
— отынды үнемдеңіз, пеш үздіксіз жұмыс істемеуі керек. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде бөлінетін газдың қаупі аязға қарағанда әлдеқайда жоғары;
— егер жылынғыңыз келсе, сыртқа шығып газ көліктің ішінде жиналмау үшін құбырды қардан тазарту қажет. Бұл жағдайда шығар алдында іштен арқанмен өзіңізді байлау керек.
Егер сіздің көлігіңіз жолда тоқтап қалса, үрейленбеңіз! Сол мезетте жағдайды, бағдарды, орналасқан жерді бақылап, қауіпсіздік қызметіне «112» нөмеріне хабарласыңыз.
Жоғарыда сипатталған қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтап, сіз өз қауіпсіздігіңізге де, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың қауіпсіздігіне сенімді бола аласыз.
Қарғалы ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі