Бірлік жолындағы отыз жыл

Бүгінде қазақтың кең-байтақ даласы түрлі ұлт пен ұлыс өкілдеріне ортақ Отанға айналды. 1 мамыр елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде аталып өтеді. Бұл — халқымыздың ынтымағы мен достығын дәріптейтін ең маңызды мерекелердің бірі.
Жақында елордада өткен Ассамблеяның кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын терең түсіндіріп берді. Президент Ассамблеяның үш онжылдық тарихында бұл ұйымның елдің бірлігін нығайтуда, түрлі этнос өкілдерін ортақ мүддеге топтастыруда айрықша орын алатынын атап өтті.
Ассамблея — жай ғана ұйым емес, бұл — татулықтың тірегі. Сондықтан «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халық даналығын берік ұстанған елімізде бейбіт өмір мен берекелі тірлік басты құндылықтардың біріне айналды.
Достық пен ынтымақтың бірегей моделі
Жыл сайын бұл мерекеде елімізде тұратын барша этнос өкілдері ортақ шаңырақ астында тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатқанын ерекше мақтанышпен атап өтеді. Барлық өңірде халықтық мерекелер, мәдени іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар кеңінен насихатталады.Мереке аясында ұлттық-мәдени орталықтар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашады. Бұл күн — ел ішіндегі достық пен ынтымақтастықты нығайта түсетін жалпыхалықтық мерекеге айналды.
1995 жылы наурыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, бүгінде бұл институт еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың жарқын үлгісіне айналды.
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.ҚХА басты міндеті — мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
Ассамблея қалай құрылды?
Еліміздің тұңғыш ПрезидентіҚазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.2007 жылы мамырда Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.2008 жылы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалды.
Татулық пен келісімнің тұғыры
Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) — оның жоғары басшылық органы. Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде Ассамблея сессиясына бір рет шақырады.
Ассамблеяның жұмыс органы — Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары саналатын хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осылайша ҚХА-ның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастарға қатысуының тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Депутаттар этностар мүддесін қорғайды
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде Ассамблея жан-жақты трансформациядан өтті. Ассамблея институты құрылған кезде консультативті, яғни кеңесші қызметін атқарса, қазір конституциялық құқыққа ие болды. Яғни Конституцияға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді қабылдағанға дейін Парламент мәжілісінде 9 депутат, ал түзетуден кейін Ассамблея атынан Сенатқа 5 депутат тағайындалды. Бұл мүмкіндік Ассамблеяның мәртебелік ерекшелігін көрсетеді.Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар елдегі барлық этностардың мүддесін қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады.
Жеті міндет жүктелген сессия
2015 жылғы 23 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен ҚХА ХХІІ сессиясы өтті. Президент 7 жаңа міндет қойды, оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея тікелей қатысуға тиіс. Бұл — бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту, халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді одан әрі дамыту, транспарентті мемлекеттегі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестермен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары.
Жалпы алғанда Ассамблея жұмысының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азаматтың этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан, Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
17 этнобірлестіктің бастамасы
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ПрезидентЖарлығы шыққаннан соң сол жылы тура екі айдан кейін Ақтөбе облысында Ассамблея хатшылығы құрылды. 1995 жылдан 2003 жылдар аралығында Хабиба Сарқұлова Ассамблея хатшылығының алғашқы меңгерушісі болды. Сол кісінің ықпалымен облыста 13 этномәдени бірлестік құрылып, жұмыстар жүйелене түсті.Бастапқы кезде аймақта 4 этномәдени ұйым өз алдына жұмыс жасады. Олар — орыстардың «Славяне», немістердің «Возрождение», сондай-ақ чехтар мен корей халықтарының этномәдени ұйымдары. Ол кезде Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы жұмысын жүргізуге облыс әкімдігі ғимаратынан бір бөлмеберілді.
Бүгінде аймақта Ассамблеяқұрамытұрақты,17этномәденибірлестіктіркелген. Олардың барлығықоғамдықаккредиттеуден өткен.Бірлестіктер жанында 19 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Оның 14-і — «халықтық», ал қалғаны «үлгілі» мәртебеге ие ұжымдар. Қоғамдаұлтаралықкелісімментұрақтылықтықамтамасыз ету бойынша этномәдени орталықтармен мақсаттыжұмыстаржүргізіледі. Этносаралыққатынастарсаласындағымемлекеттіксаясат Қазақстан халқыАссамблеясындамытудың2022-2026жылдарға арналған тұжырымдамасы, Мемлекет басшысының Жолдауы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында берген тапсырмалары, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдағы бастамалары негізінде жүзеге асырылады.
Былтыр 1 қарашадағы мәлімет бойынша облыс халқының саны 948,3 мың адамға (қазақтар — 72,6 пайыз, орыстар — 24,1 пайыз, басқа этникалық топтардың өкілдері — 3,3 пайыз) жетті. Нақтылап айтсақ, қазақтардың саны — 791,362, орыстар — 68,841, украиндар — 31,659, татарлар — 10,036, немістер — 7038, белорустар — 1802, молдавандар — 1767, кәрістер — 1587, әзірбайжандар — 1531, өзбектер — 1473, шешендер — 1471, башқұрттар — 1000, болгарлар — 832, армяндар 525 және басқаларын есептегенде,облыста этностардың жалпы саны — 98.
Сондай-ақ қазір Ассамблеяқұрамында7құрылымдықбөлімшебелсенді жұмыс жасайды. Олар — аналар, ақсақалдаржәнеэтномедиация кеңесі,ғылыми-сарапшылық кеңес, журналистерклубы, «Жомартжан»орталығы мен Ассамблея жастары құрылымдары. Аталған Ассамблея құрылымдары 13 арнайы жоба аясында қызмет етеді. Сонымен қатар өңірде жас ғалымдар клубы мен шығармашылық ұжымдар қауымдастығы да құрылды. Осы орайда Студенттер Ассамблеясын құру жұмыстары қолға алынды. Бүгінде әрбір құрылым өз қызмет бағыттары бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.
Арайлым НҰРБАЕВА