БЕЛСЕНДІ ТАҢДАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Асыланбек Ұлықпанов,
аудандық қаржы бөлімінің басшысы
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бұл сайлауды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды қадам деп бағалаймын. Сондықтан бұл – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды мүмкіндік.
Менің ойымша, елдің тұрақты дамуы мен қоғамның әл-ауқатын арттыруда азаматтардың белсенділігі ерекше орын алады. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан реформалар мен өзгерістердің нәтижелі болуы халықтың да қоғамдық үдерістерге жауапкершілікпен қатысуына байланысты. Құрылтай депутаттарын сайлау – өзімізге маңызды мәселелерді көтеретін, халықтың ұсынысы мен пікірін жеткізетін өкілдерді таңдауға мүмкіндік беретін тарихи кезең.
Сондықтан барша тұрғындарды 23 тамыз күні сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Әрбір дауыс – азаматтың өз ұстанымын білдіруі, елдің ертеңіне деген жауапкершілігін танытуы. Сайлауға немқұрайлы қарамай, кандидаттар мен саяси партиялардың бағдарламаларымен танысып, өз таңдауымызды саналы түрде жасағанымыз жөн. Белсенді азаматтық ұстаным – қоғамның дамуына серпін беретін маңызды күш.




