Балалардың отпен ойнауы — өрттің себебі

Өрттердің пайда болу себептері алуан түрлі. Алайда олардың ішінде ерекше көңілге түсетіні – балалардың отпен ойнауы. Балалардың қолындағы сіріңкелер үлкен бақытсыздыққа (бәлеге) әкеп соқтыруы мүмкін. Балалардың барлығы дерлік отқа қызығушылық танытады, оның ықтимал қауіптілігін толық түсінбейді. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектерді жиі қайталайды, олардың іс-әрекеттері мен еңбектеріне еліктейді. Бұл жаста балалар бәрін тезірек біліп, өздері көргісі келеді. Тәуелсіздікке деген ұмтылыс әсіресе балалар үйде жалғыз қалғанда көрінеді.

Бала жалғыз қалғанда сіріңке қорапшасымен ойнауға батылы жетпейтініне, қағазға от қойғысы келмейтініне, орманда бір рет көрген от жағылмайтынына сенімді бола алмайсыз.

Әр түрлі жағдайларға байланысты ересектер балаларды біраз уақытқа қараусыз қалдыруға мәжбүр болған жағдайлар болады. Бұл қауіпті, әсіресе балалар құлыпталған пәтерлерде немесе бөлмелерде қалса,өрт болған жағдайда олар қауіпті үй-жайдан сыртқа шыға алмайды.

Қарғалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі балалардың отпен ойнаудың кейбір сақтық шараларын еске салады:

— балаларды жасы үлкен балалармен де үйде жалғыз жаппаңыз;

— балалардың қолы жетпейтін жерлерлерде сіріңкелерді, шақпақтарды, пиротехникалық бұйымдарды (салюттер, петардалар, шартылдақтар) сақтаңыз;

— балаларды ересектердің қарауынсыз үйде де далада да қалдырмаңыз;

— балаларға отпен ойнау қаңдай қауіп төндіретінін және ол неге әкеп соқтыратынын әрдайым түсіндіріп отырыңыз.

— балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, тұрмыстық электр аспаптарын өз бетінше қосуды тапсырмаңыз;

— өрт, апат және т. б. кезіндегі іс-әрекеттерді үйретіңіз;

— балаңыздың өз үйінің мекен-жайын білетіндігін тексеріңіз, сонымен қатар құтқару қызметтерінің телефондарын 101 немесе 112 нөмерін қағазға жазып, телефон аппаратының жанына іліп қойыңыз.

Балалардың осы кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Балаларды өрт қауіпсіздігін сақтауға үйретіңіз. Біздің балаларымызға үлкен қамқорлықпен ғана біз балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын аламыз, өз үйімізді, мүлігімізді және ең қымбатын – баланың өмірін сақтай аламыз.

 

Қарғалы ауданының ТЖБ