Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Балалар қауіпсіздігі – аса маңызды мәселе. Осы орайда өткен аптада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ержан Есімбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының м.а. полиция подполковнигі Еркебулан Алимуханбетов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық прокуратура өкілдері және де бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігі, мектептер мен балабақшалардағы қорғаныс шаралары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Құқық қорғау органдары аталған бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, негізгі мәселелер мен олардың шешу жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар, жиын барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі айтылды. Қатысушылар қоғамдық орындардағы бақылауды күшейту, мектептерде қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша ұсыныстар енгізді.
Осылайша, жиын соңында жасөспірімдер қауіпсіздігінің алдын алу мақсатындағы шаралар қорытындыланып, тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі таңда әрбір ата-ананың, қоғамның басты байлығы саналатын балаларымыздың қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейтін ауқымды мәселе. Осыған орай, білім ошақтарында үздіксіз жұмыстар жүргізіліп, жасөспірімдермен жиі кездесулер ұйымдастырылып келеді. Кезек күттірмейтін келелі мәселеде немқұрайлық танытпаған жөн.
Жұлдыз КЕНЖЕ