«Бадамша-Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  20-бабының 8-тармағына сәйкес, суару үшін су беру қызметіне  тариф пен тарифтік смета бекітуге «Бадамша-Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынылған өтінімін қарауға байланысты жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдаулар 2026 жылы 18 ақпан күні сағат 11:00-де, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Цыбульчик көшесі, № 22 үй мекенжайы бойынша, сондай-ақ, Zoom бейнебайланыыс платформасы және Facebook (https://www.facebook.com/share/16nrPYWthB/?mibextid=wwXIfr) әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта өтеді.

Жария тыңдауларға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.

Министрліктің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-08-64, «Бадамша-Сервис» КМК-ның байланыс телефоны : 8-776-779-89-19.