«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
Ағымдағы жылдың 23-28 шілде аралығында аудан аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шара өтті.
Бұл еліміз бойынша өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты — мүдделі мемлекеттік органдарды (жергілікті атқарушы органдар, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ және т.б.), «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасын, бұқаралық ақпараттар құралдарын және жұртшылықты тарта отырып, жолаушылар тасымалдау саласындағы заңнаманы сақтау және олардсіздік деңгейін арттыру.
Осы орайда ауданымызда атқарылып жатырған іс-шара барысын анықтап білген едік.
-Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық көліктің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әкімшілік полиция қызметкерлері автобустардың жолға шықпас бұрынғы техникалық жай-күйін, олардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі белгіленген талаптарына сәйкестігін, жүргізушілерде тіркеу құжаттарының болуын, нормативтер мен стандарттар талаптарын бұза отырып автобустарды пайдалану, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректерін анықтап тексереді. Рейдтік іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 14 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Сондай-ақ, жүйелі атқарылған жұмыстардың ішінде көлік құралын мас күйде басқарғаны анықталып, оған тиісті іс шаралар жүргізілді,-дейді Қарғалы ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Айдаралы Кужашев.
Қарғалы-АҚПАРАТ