«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Әлімбет ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Іс-шара өртке қарсы қауіпсіздікті арттыруға және ауылдық жерлердегі төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге бағытталған «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында өтті.
Асхат Шахаровтың сөзінше, өрт сөндіру бекетінің ашылуы облыстың бүкіл азаматтық қорғау жүйесі үшін маңызды.
«Әлімбетте жаңа өрт сөндіру бекетін ашу – азаматтық қорғау жүйесін дамытудағы және қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтудағы маңызды қадам. Барлық қабылданған шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюға бағытталған. Жаңа нысан заманауи талаптарға сәйкес салынды. Мұнда құтқарушылардың тиімді жұмыс істеуі мен кәсіби өсуі үшін қажетті бар жағдай жасалған. Техникалық жарақтандыруға ғана емес, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға да ерекше көңіл бөлінеді», – деді өңір басшысы.
Шыңғыс Әрінов те шалғайдағы елді мекендерде азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту зор мәнге ие екенін айтты.
«Өрт сөндіру бекетін ашу – бұл жердегі адамдардың қауіпсіздігін арттыруға нақты үлес. Біз үшін елді мекеннің қашықтығына қарамастан көмек тез келуі маңызды. Сондықтан әрбір тұрғын өзін қорғалған сезінуі үшін ауылдық бөлімшелер желісін дамытуды әлі де жалғастырамыз», – деп атап өтті министр.
Шыңғыс Әрінов «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы арқылы ауылдық елді мекендерді көбірек қамтып, ТЖ-ға ден қою жүйесін күшейте отырып, бүкіл ел бойынша іске асатынын жеткізді.
Жаңа өрт сөндіру бекеті заманауи стандарттарға толық сәйкес. Ғимарат байланыс құралдарымен, қажетті киім-кешекпен жабдықталған, тәулік бойы кезекшілік пен жеке құрамның жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалған. Пост округтегі кез келген төтенше жағдайларға жедел ден қоюға сақадай-сай тұр.
Министр сондай-ақ жаңа өрт автоцистерналарының кілттерін табыс етті. Бұл бөлімшенің ұтқырлығы және ауылдық жерлерде өрт сөндірудің тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Д.АЙДАР.
aqtobegazeti.kz