Ауданның «Құрметті азаматы» атанды

Аудан әкімі А.Жүсібалиевтің төрағалығымен ауданның барлық мекемелер басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиынды аудан басшысы ашып, Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік зор үлесін қосып, қоғамдық шараларына ат салысып жүрген осы аудан тумасы Арыстанғалиев Қайырғалиға ауданның “Құрметті азаматы” атағын беру туралы ұсынысы көпшіліктен қолдау тауып, азамат Қ.Арыстанғалиевқа төс белгі табыс етті.

 

Қ.Арыстанғалиев Қарғалы ауданында түрлі салада қызмет ақарып, өзінің туған ауылы, қазіргі Ш.Қалдаяқов ауылында мешіт салу, ауылдың атауын өзгерту, Ш.Қалдаяқов қорының төрағасы болып және ауданда ұйымдастырылатын шараларға демеушілік жасап еңбегін сіңіріп келеді.

Қарғалы-ақпарат.