Аудандық мәслихаттың кезекті отырысы
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанда аудандық мәслихаттың жанындағы тұрақты комиссиялары мен жұмыс тобының және де аудандық мәслихаттың кезекті XI сессиясының отырысы өтті.
Сессия аудандық мәслихаттың төрағасы Сапарбай Аманжоловтың төрағалығымен аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің, қоғамдық ұйымдар мен ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер басшыларының қатысуымен өткізілді.
Аталмыш отырыстың күн тәртібінде аудандық бюджетті нақтылау мен бюджетті бекіту сынды ауқымды мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы–экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы Шахнияз Сақабаевтың, аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, аграрлық мәселелері, экология және салалық дамуы мен мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері, депутаттық өкілеттіктері және этика жөніндегі тұрақты комиссиясының есептері жайында-тұрақты комиссия төрағасының, аудан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы-бөлім басшысы Азамат Өтегеновтың, аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 28 тамыздағы №150 «Терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы-аудан әкімі аппаратының басшысы Қуантай Бишеновтың хабарламалары тыңдалды.
Сондай-ақ, күн тәртібінде басқа да мәселелер қаралды. Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылданды.
Жұлдыз КЕНЖЕ