Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті
26 тамыз күні Қарғалы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Сапарбек Аманжолов қатысты.
Отырыс барысында өңір басшысы Асхат Шахаров Қарғалы ауданы әкімінің лауазымына Өнербаев Нұрлыбек Амандоллаұлын тағайындауға ұсыныс білдіріп, өмірбаянымен таныстырды.
Мәслихат депутаттары облыс әкімін қолдап, ұсынысқа бірауыздан келісім берді. Асхат Шахаров пен депутаттар жаңа аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Одан соң облыс әкімі сессиядан кейін актив отырысын өткізді.
Қарғалы-АҚПАРАТ