Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Өткен аптада аудандық мәслихаттың жанындағы тұрақты комиссия отырысы мен кезектен тыс XXIII сессиясы өтті.
Мәслихат сессиясына, аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме, ұйым басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессия алдындағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібінде аудандық бюджеттегі өзгерістер, ветеринариялық қауіпсіздік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудан мемлекеттік органдарының орындалу барысы, ауданға қарасты елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, санитариялық тазарту және көгалдандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы көптеген мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ұйым басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің хабарламаларын тыңдап, оларға сұрақ қойып, бірқатар ескертулер жасады. Сондай-ақ, отырыста депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті қаулылар қабылданды.
Одан соң отырыс аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясына жалғасты. Сессияның күн тәртібінде өзекті 9 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №97 «2024-2026 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Шәмші Қалдаяқов ауылы және Желтау ауылдық округінің елдi мекендері аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекiту, 2024 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту, Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 6 қарашадағы №362 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, мәслихаттың 2015 жылғы 5 маусымдағы №304 «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, мәслихаттың 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №80 «Қарғалы ауданы әкімдігінің жанындағы Шекара мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, мәслихаттың 2013 жылғы 28 тамыздағы №150 «Терорризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және де Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №237 «Қарғалы ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Сессия отырысында аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаевтың аудандық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайындағы есепті баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, аудандық бюджетте, кейбір нормативтік құқықтық актілер мен комиссия құрамдарына өзгерістер бекітілді.
Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімінің есепті баяндамасын тыңдап, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жақсы бірлескен жұмысын атап өтіп, сауалдар қойып, талқыланды. Нәтижесінде аудан әкімінің есебі мәслихат депутаттарымен мақұлданып, сондай-ақ, сессиясының күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жұлдыз КЕНЖЕ