Аудан әкімінің Рождество мерекесімен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Рождество күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тіршіліктің салтанатын бейбітшілік пен кешірімпаздықты бейнелейтін Рождество жарқын мерекесі ерекше мағынаға ие және қоғамда моральдық тұрақтылық пен келісімді нығайтуға қызмет етеді.
Қазақстанда Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап біздің әрқайсымыз үшін өз дінімізге еркін құлшылық етуге, ұлттық мәдениетімізді дамытуға барлық жағдайлар жасалды.
Православтық, мұсылмандықпен қатар дамудың қазіргі кезеңінде бастан өткеріп отырған проблемаларды шешуге ықпалын тигізер жасампаз күш болып табылады. Жақыныңа деген жүрек жылуы, қайырымдылық, адалдық, әділдік – осындай мәңгілік жалпы адамзаттық рухани құндылықтар қоғамды рухани-адамгершілік тіректерді бекіту тұрғысынан топтасуға көмектеседі.
Қазақстан қарқынды алға басып келеді, әлеуметтік жағдайда діни келісім нығайып, экономика дамуда. Барлық конфессия өкілдерімен бірге православты христиандықтар да қазақстандық қоғамда тұрақтылық пен бірліктің, ұлтаралық келісімнің нығаюында үлкен үлес қосуда.
Қымбатты қарғалылықтар!
Бізді өткен жылы қуантқан барлық несібе жаңа жылда қайталансын. Әр отбасы балалардың күлкісі мен жан жылуына толы болсын! Бұл тамаша мерекеде аудан тұрғындарына мықты денсаулық, татулық пен бірлік тілеймін. Сіздердің әр игі істеріңіз Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне қызмет етсін.
Құрметпен,
аудан әкімі А.Жүсібалиев