Аудан әкімі тұрғындарды Республика күнімен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Баршаңызды Республика күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Азаттық, тәуелсіздік, егемендік кез-келген ұлт үшін ең қымбат мұра, қасиетті ұғым десек, біздің халқымыз үшін бабалардың асыл арманының орындалған сәті 25 қазаннан бастау алады. Осы күннен бастап Қазақстан әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз Ел ретіндегі жаңа парақтарын бастады.

Бұл күн туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керек» деген болатын.

Бүгінде татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, алған асулары жетерлік. Мемлекетіміздің дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты міндетіміз болып табылады.

Бүгінгі мерейлі мереке күні барша жерлестерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, Еліміз еңселі болсын.

Республика күні құтты болсын!

Құрметпен,

 аудан әкімі А.Жүсібалиев

 

 

 

ТегтерҚұттықтау