Аудан әкімінің мерекемен құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке бізді бір шаңыраққа біріктіреді, бірлік пен ынтымаққа шақырады.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында Қазақ елінің бірлігін мұнан әрі жітілдіру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін және баршамыздың қоғамдық бірлікті сақтау мен қадірлеуді атап өткен болатын.
Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Досқа адалдық, бауырласқа мейірбандық танытып, ата салтынан айнымаған халқымыздың игі дәстүрі бейбіт өміріміздің негізін қалап келеді.
Бірлігі бекем елдің іргесі мықты, болашағы нұрлы. Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын.
Сан ұлтқа сая болған Қарғалы ауданы халқының ауызбірлігі мен татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге.
Бүгінгі таңда игілікті бастамаларды мақсат еткен аудан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне үлес қосып, ертеңгі күнге деген зор сенім мен еңбек етуде.
Баршаңызды мерейлі мереке мен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, елімізге береке — бірлік тілеймін!
Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген аудан халқының достығы жарасып, Қазақ елінің даңқы арта берсін!
Әрдайым бiрлiгiмiз бен татулығымыздан танбай, болашаққа бiрге қадам баса берейiк!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
аудан әкімі А.Жүсібалиев