Аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтауы
Құрметті бұқаралық-ақпарат құралдарының қызметшілері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұқаралық ақпарат құралдары көпұлтты халқымыздың бірлігінің қуатты факторы болып, қоғам өмірінде орасан зор рөл атқарады. Дәл сіздердің көмектеріңізбен әлеуметтік мәселелерге назар аударылады және оларды бірлесіп шешуге көмектеседі, сіз халық пен билік арасындағы дәнекерсіз. Журналист болу – өзіңнің қоғамның алдында үлкен жауапкершілікті алу деген сөз.
Біздің тарапымыздан сіздер әрқашан түсіністік табасыздар, біз ынтымақтастыққа ашықпыз және қарғалылықтарды биліктің жұмысынан хабардар етудің таптырмас шарты деп есептейміз.
Барлығыңа жақсы мақалалар, оқырмандар алғысы және әріптестер құрметіне ие болуларыңызға тілектеспін.
Сіздердің кәсіби қызметіңіз алдағы уақытта да ауданымыздың оң имиджін қалыптастыруға, оның әлеуметтік-эканомикалық дамуына, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталатынына сенімдімін. Ынта-жігерлеріңіз бен күш-қуаттарыңыз ешқашан таусылмасын.
Сіздерге зор денсаулық, жеке өміріңізге бақыт, қызметіңізде ұшқыр қалам және ашық ақпарат кеңістігін тілеймін.
Құрметпен,
аудан әкімі А.Жүсібалиев