Аудан әкімінің Астана күніне орай құттықтауы

Құрметті қарғалылықтар!

         Сіздерді Қазақстан Республикасының елордасы – Астана күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

Санаулы тарихи мерзім ішінде біздің жас әрі күн сайын көркейіп келе жатқан астанамыз  әлемдік ауқымдағы саяси, экономикалық және мәдени өмірдің орталығына, ірі халықаралық форумдар мен конференциялар, мемлекет басшыларының саммиттері мен съездер өткізілетін орынға айналды.

Қазір Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер төңірегінде әртүрлі кездесулер өткізілетін, еуразиялық кеңістіктің орталығы.

Бұл ауқымды жетістіктерде қарғалылықтардың да елеулі үлесі бар,  аймақтың игілігіне аянбай еңбек етіп, өлшеусіз жұмыстар жасап, сол арқылы ауданымыздың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашуда.

         Қымбатты жерлестер!

         Біздің сүйікті астанамыздың туған күнінде мен сіздерге шын жүректен жақсылықтар, игіліктер және Отанымыз – Қазақстан Республикасының кемелді келешегі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Сіздердің шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен келісім орнап, арайлап атқан әрбір таң қуаныш пен шаттық, келешекке деген сенім мен үміт сыйласын!

Құрметпен,

аудан әкімі  А.Жүсібалиев