Аудан әкімінің 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қашан да дана халқымыз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ынтымағы ажырамаған ырыстың символы ретінде танылып келген. Табиғат түлеп, жаңарған сәтте есіктен енетін ақ пейіл мен мол татулықтың мерекесі ретінде қазақпен біте қайнасып келе жатыр. Жыл сайын ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысын айшықтайтын бұл күн үлкен сән-салтанатымен, құт-берекесімен аталып өтуде.
Наурыз біз үшін ең ұлық мереке болып қала береді. Сондықтан ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа жыл басын қарсы алайық.
Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен,
аудан әкімі Н.Унербаев