Аудан әкімінің 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.
Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісімнің салтанатты күні.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелерінің бірі!
Біз азаттықтың арқасында айымыз оңынан туып, төрткіл дүниеге түгел танылған халықпыз. Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем «Бейбітшілік бесігі» деп мойындайды. Сондықтан басымызға қонған бақытымызды қадірлеп, еліміздің дамуы үшін баршаңызды аянбай еңбек етуге шақырамын.
Мерекелеріңіз құтты болсын, отбастарыңызға амандық, сәттілік, елімізге тыныштық тілеймін.

Құрметпен,
аудан әкіміН.Унербаев