АУДАН ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК УНЕРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қарғалылықтар!

   Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жылы Қазақстан халқының бірлігі жаңа Ата Заңда айқындалған Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы, мемлекеттің унитарлы сипаты, оның шекарасы мен аумағының тұтастығы, Әділетті Қазақстан идеясы және Заң мен Тәртіп қағидаты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттары, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация, «Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғатты аялау сияқты бірегей нормалармен және ұлтты ұйыстыратын құндылықтар тұрғысынан дәріптелуде.

Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болып, 17-ден астам түрлі ұлттарға құтты мекен болған Қарғалы жері жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп келеді.

Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз.

   Бүгінде, ынтымағы ырысқа жалғасқан аудан экономикасы, мәдени, әлеуметтік салалары қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы да, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

   Ендеше әрбір аудан тұрғыны осы құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.

Қадірлі жерлестер!

Бұл күн біздің әрқайсымыз үшін бірігу, жаңару, өзара түсіністік пен жасампаз еңбекке, айрықша құрмет символы ретінде сақталып қала беретіндігі сөзсіз.

Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз – тыныштық пен татулық болсын. Баршаңызға зор денсаулық пен табыс тілеймін!

Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!

Құрметпен, аудан әкімі Н.Унербаев