АУДАН ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК УНЕРБАЕВТЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті ауыл еңбеккерлері, Қарғалы ауданының агроөнеркәсіп саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл еңбеккерлері қай кезде де халық арасында ерекше құрметке ие болып келеді, өйткені олардың жанқиярлық еңбегінің нәтижесінде еліміздің өркендеп-өсуі мен игіліктер молшылығына жол ашылуда.
Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасының, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда өзінің зор үлесін қосуда.
Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асу нәтижесінде ауданның өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасты, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді.
Бүгінде Қарғалы ауданының аграрлық саясаттағы басым бағыты өндірістік қуаттарды дамыту мен жаңарту, шаруашылықты жүргізуге инновациялық, технологиялық қызметтер енгізу, егіс алқаптарын әртараптандыру, жоғары білікті кадрлар мен инвестиция тарту, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жетілдіру болып отыр.
Құрметті ауыл шаруашылық саласының еңбеккерлері!
Бүгінгі мереке күні Сіздердің алға қойған мақсаттарға жету жолындағы табандылықтарыңыз бен өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалап, күні-түні тынбай еткен еңбектеріңіз үшін шын жүректен айтылған алғысымды қабыл алыңыздар!
Қарғалылықтардың қоймалары мен сөрелерінде әр кез молшылық болуы үшін жасап жүрген қамқорлықтарыңыз бен жерге деген сүйіспеншіліктеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға жарасымды тірлік, тынымсыз да бейнетті еңбектеріңізге табыстар мен биік жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
аудан әкімі Н.Унербаев