АУДАН ӘКІМІ КЕМПІРСАЙ ЖӘНЕ ВЕЛИХОВ АУЫЛДАРЫН АРАЛАДЫ

Өткен аптада аудан әкімінің жұмыс сапары Кемпірсай және Велихов ауылдық округтерінде жалғасты.

Жоспарға сәйкес аудан басшысы Нұрлыбек Унербаев ауылдық окрутерде болып, ондағы тұрғындармен кездесті. Жүздесуде атқарылған жұмыстар мен алға қойған жоспарлар туралы кеңінен баяндап, ауыл халқының алдында есеп берді.

Халықпен кездесулерде көтерілген мәселелерді толық шешу тетіктерін қарастыруға жұмыс жасайтынын айтқан аудан әкімі елді мекен тұрғындарына шешімі табылған мәселелерді де толық атап өтті.

                        

Сонымен қатар, аудан басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өз баяндамасында халықпен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар, білім және денсаулық саласы, ауданға тартылған инвестициялар көлемі, көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу, жарықтандыру мен инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Жиын соңында тұрғындардың талап тілектері ескеріліп, мұқият тыңдаған аудан әкімі әр жағдайдың назардан тыс қалмай уақытылы шешімін табатындығын айтып, маңызды мәселелердің әрқашанда өз бақылауында болатынын жеткізді.

Тағы бір айта кететін жайт, халықпен кездесулерде аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім, мекеме басшылары да қатысып, тұрғындар сауалына уақытылы шешім қабылдап, тиісті тапсырмаларды шешу мақсатында өздеріне түртіп алды.

Жұлдыз КЕНЖЕ