Home›Қоғам›Атом саласының қызметкерлері АЭС салу жөніндегі Референдум қарсаңында Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады
Атом саласының қызметкерлері АЭС салу жөніндегі Референдум қарсаңында Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады
04.10.2024, 15:50
Атом индустриясын дамыту қауымдастығы жариялаған бейнеүндеуде, мамандар болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның технологиялық, әлеуметтік, экономикалық дамуын қамтуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Атом қызметкерлері өз миссиясы мен ел халқы алдындағы тарихи борышын, сондай-ақ Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуға ұмтылысын атап өтті.