Астанадағы «Болашақ ойындары» фиджитал-қозғалысқа тың серпін береді – Президент

Фото: Ақорда

Салтанатты кешке Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып жатыр. Президент бауырлас елдердің басшыларына және ресми делегация жетекшілеріне алғыс айтты.

– Баршаңызға мәлім, Болашақ ойындары – Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба. Бұл жобаның сәтті іске асуы Президент Владимир Путиннің арқасы деуге толық негіз бар. Аз уақыт ішінде бұл жарыс жаһандық деңгейдегі сайысқа айналды. Бірінші жоба Қазан қаласында өтіп, содан кейін Әбу Дабиде жалғасын тапты. Ал бүгін бәріміз ұлы дала төсінде бас қосып отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Болашақ ойындарына» қатысу үшін Астанаға отыздан астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы келді.

– Астанадағы Болашақ ойындары классикалық спорт пен кибериндустрияны тоғыстырған жаһандық фиджитал-қозғалысқа тың серпін береді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» турнирі Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 млн 650 мың АҚШ доллары.

Айта кетейік, Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды.

https://kaz.inform.kz/news/astanadagi-bolashak-oyindari-fidzhital-kozgaliska-tin-serpn-bered-prezident-aab8928c