Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Құттықтауда мәдениеттің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы, креативті индустрияны дамытудағы және сала жұмысына инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызы ерекше екені атап өтілді.
Форумның ашылуы барысында Қытай, Үндістан және Германиядан келген халықаралық сарапшылар да сөз сөйледі. Олардың қатарында Jinbang (Henan) Cultural Tourism Development компаниясының төрағасы Мисс Мин, Story Arts Foundation қорының негізін қалаушы Дипа Киран, сондай-ақ live entertainment саласындағы халықаралық продюсер әрі креативті жетекші Артем Бадалян бар.
Спикерлер жобаларды жүзеге асыру, сторителлингті дамыту, көпшілік алдында сөйлеу және ауқымды шоу бағдарламаларды ұйымдастырудың маңызы туралы айтты.
Форумның басты ерекшелігі – дәстүрлі оқыту үлгісінен нақты жобалар әзірлеуге негізделген тәжірибелік форматқа көшу.
Алғашқы күні «Мәдениет пен бизнес: серіктестер мен брендтерге қызықты жобаларды қалай жасауға болады?» тақырыбында панельдік сессия өткізілді. Сонымен қатар кітапхана, архив, музей ісі, мәдени-демалыс, театр және концерт ұйымдарына арналған жеке секциялар өтуде. Қатысушылар үшін іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету, визуал технологиялар, сценография және өзге де тәжірибелік бағыттар бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Форумның екінші күні тәжірибелік жұмысқа басымдық беріледі. Қатысушылар заманауи цифрлық құралдармен танысып, фасилитациялық сессиялар арқылы мәдени ұйымдарға арналған бастамаларды әзірлейді.
Жиынның соңғы күнінде командалар өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, кейін өңірлерде жүзеге асырылатын үздік жобалар анықталады.
Барлық жаңалықтар
-
Елек өзенінің жағасын тазалады
06.06.2026, 17:23
Газет туралы
Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және Даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 2014 жылдың 4-желтоқсанында тіркеліп, мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы №14774-Г куәлігі берілген.
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Kargali.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.
Меншік иесі: ЖК «Байханова К.Т»
Бізбен байланыс
Мекен-жайымыз: ҚР, Ақтөбе обл., Қарғалы ауданы, 030500, Бадамша ауылы, Т.Имашева көшесі, 2 үй
Редакция телефоны: 8 (71342) 22-0-07
E-mail: kargali.gazet@mail.ru




