Өткен апта Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰӨУ алдындағы алаңда 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері біздің Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары да қатысты. Осы орайда облысымыздан 20-дан астам шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары азық-түлік өнімдерін саудаға шығарды. Астанамыздың төріндегі күзгі жәрмеңкеге біздің ауданымызда белсенділікпен атсалысты.
Осылайша, елордалықтар үшін 220 тоннадан астам өнім жеткізілді. Оның ішінде 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт, 17 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық, 8 тонна ұн мен макарон өнімдері бар.
Айта кетейік, өнімдер орташа нарық бағасынан 15-20%-ға төмен сатылды.
Жұлдыз КЕНЖЕ.