Асхат Шахаров су тасқыны кезінде көмектескен алматылық құтқарушыларға алғысын білдірді

30 наурызға қараған түні Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке келген Республикалық жедел құтқару жасағы өз миссиясын аяқтады. Енді 20 құтқарушы БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.

Жасақ Ойыл ауданының Қаратал ауылынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Олардың көмегімен 120-дан астам құтқарылған.

Облыс әкімі Асхат Шахаров қиын сәтте жерлестеріміздің жанынан табылған, оларды құтқаруға бар күшін салған қауіпті мамандық иелеріне алғысын айтты.

 

«Еліміздегі су тасқынының өтуі – Президенттің қатаң бақылауында. Осындай қауіпті кезде сіздер мамандықтарыңызға адал екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Жауапкершілік міндетін мойындарыңызға алып, қауіп-қатерге қарамастан, өз өмірлеріңізді сарп ете отырып, өңірімізге көмекке келдіңіздер. Көрсеткен үлкен ерліктеріңізге зор алғыс. Аман жүріңіздер», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi