Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсету ізгіліктің белгісі деп жатамыз. Бұл орайдағы іс-шара ардагерлерге құрмет көрсету, жастарға тәлім- тәрбие беру мақсатында ардагерлердің еңбегін бағалап, кейінгілерге үлгі ету.

Ағымдағы жылдың  20 қыркүйегіндегі алқа кеңесте облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова барлық сала қызметкерлеріне Еңбек күніне орай 11-21 қыркүйек аралығында әр мекеме, ұжым өз ардагерлерімен кездесіп, құрмет көрсетуді тапсырған болатын.

Осыған орай өткен аптаның сейсенбісінде аудандық аурухана ұжымымен  кәсіподақ ұйымы аудандағы медицина саласында еңбек еткен бір топ ардагерлерін арнайы шақырып, құрмет көрсетілді. Медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп бейнетінің зейнетін көріп отырған алдыңғы буын еңбек ардагерлерін аудандық аурухананың басшысы Берік Жаржанов құтықтады.

Ол өз сөзінде сіздер аудандық аурхананың қай бөлімінде, қай саласында еңбек етсеңіздер де аудан тұрғындарының денсаулығы үшін айтарлықтай еңбек етіп, кейінгі жастарға көрсеткен өнеге тәрбиелеріңіз орасан. Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалап, ардақтау парызымыз. Әрі кейінгілерге өнеге дей келе, аудан халқымен өз атынан алғысын жеткізді. Ұйымдастыруға ұйытқы болған  салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Жазира Сексенбаева да ризашылығын жеткізе, әр уақытта ардагерлерге кәсіподақ ұйымы тарпынан қолдау болып келе жатқанына тоқталып өтті. Және алдағы уақытта да баса назарда құрмет қошемет болатынына тоқтала келе, өзінің тілегін жеткізіп,  өшпес ерен еңбектері үшін ардагелерге перезенттік алғысын жеткізді.

Құттықтау тілектері  сый-сияпатқа жалғасып, ардагерлерге гүл шоқтары табысталды. Салтанатты жиынның жалғасы ақ дастархан басындағы құрметке бөленді. Ардагерлер де ақ дастархан басында қауыша табысып, өткен-кеткенді айтып, мәз болысты. Сондай-ақ, құрмет көрсеткен әріптес ізбасарларына алғыстарын жаудыра тарасты.

Осы сейсенбі күні «Аманат» партиясы қарғалы аудандық филалының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша  аудандық ауруханасы ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулатория дәрігерлерімен бір мезгілде ауыл-аймақтағы қарттардың үйіне барып,  қан қысымын өлшеу, қан талдау сараптамасын анықтау ЭКГ аппараттарымен тексеріп, дәргерлік кеңестер берді.  Қариялар да  ақ халаттыларға ақ баталарын жаудырып, бас амандығы мен денсаулық тіллеген тілектерін жаудырды.

Бақыт ИМАШЕВ,

ауданның «Құрметті азаматы».