Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес

– Биылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл – әрбір азаматтың елдің болашағына деген жауапкершілігін нақты ісімен көрсететін кезең. Өйткені мемлекетіміздің даму бағыты, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімі, халықтың үнін жеткізетін азаматтардың таңдалуы – барлығы да осы саяси науқанмен тығыз байланысты.

Құрылтай – халық пен билік арасындағы өзара сенім мен ашық диалогты нығайтатын маңызды институт. Сондықтан оған депутат болып сайланатын азаматтардың ел мүддесін бәрінен биік қоятын, халықтың аманатын абыроймен атқаратын тұлғалар болғаны аса маңызды. Ал ондай таңдауды жасау – әрбір сайлаушының азаматтық борышы.

Еліміздің ертеңіне бейжай қарамайтын азамат ретінде мен бұл сайлауға міндетті түрде қатысып, өз таңдауымды жасаймын. Себебі бір ғана дауыс та елдің болашағына ықпал ете алады. Барша жерлестерімді де осы маңызды саяси науқаннан шет қалмай, белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамын. Болашаққа бастар дұрыс таңдау – бүгінгі әрқайсымыздың жауапты шешімімізден басталады.

Айнагүл Бержанова,

 аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы