«Aqtóbe» телеарнасына 64 жыл
Көрермен көзайымына айналған «AQTOBE» телеарнасының тарихы тереңде жатыр.
Алғашқы хабар 1964 жылдың 29-шы қазанында шыға бастаған. Сол жылдан бері өңірдің саяси-экономикалық, рухани-мәдени, әлеуметтік тынысын жеткізіп, халыққа қызмет етуде.
64 жыл көрермен көңілін баурап, мұң-мұқтажын даулап, тұшымды дүние ұсынып келеді.
Бұл киелі қарашаңырақтан талай азулы тілшілер түлеп ұшқан. Осы ұстаханадан шыңдалып шыққан кешегі мамандар республикалық телеарналардың беткеұстар мақтаныштары.
Телеарна ұжымын айтулы күнмен құттықтаймын.
Шығармашылық шабыт тілеймін.
Танымдық, тәрбиелік мәні бар құнды бағдарламалар мен жаңалықтар көрерменге жол тарта берсін!