Алғашқы алтын Францияға бұйырды

8 тамыз, яғни Көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде жамбы ату спортының мажар стилі бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Жамбы ату жарысына 27 мемлекеттен 78 спортшықатысып отыр. Мұнда бірнеше түр, атап айтқанда мажар, азиялық стиль, қазақ, түрік стильдерібойыншаүздіктеріріктелмек.

Оның ішінде мажар стилі бойынша өткен алғашқы жарыста Франция құрамасыныңспортшысы Рафаэль Малетжеңімпаз атанды.Моңғол спортшысы АлтанкуягНергииукүмісжүлденіолжалады. Ал қола жүлдені Францияныңтағыбірөкілі Гайтан Блотжеңіп алды.

Қазақстандықтар арасынан Абзал Тулыбеков үздік бестікке ілікті.

«Мажар стилінің ерекшелігі — спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан тарапы барлық спортшыны атпен қамтамасыз етті. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік», — дейді жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

Біздің спортшылар жамбы атудың барлық түрлері бойынша жарысқа қатысады. Жарыстар 11-іне дейін жалғасады. Ұлттық құрама мүшелерінен, негізінен, қазақ стилі бойынша үлкен табыстар күтеміз. Құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков бар. Бұған дейін де олар осы спорт түрі бойыншаәлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ кеше, 9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыныңаясында 7 спорт түрінен жарыстар өтті. Бұлар — көкпар, дәстүрлі садақ ату, аударыспақ, мас-рестлинг, асық ату, қазақ күресі және кураш.

Көкпардан жарысқа 9 мемлекеттен 104 спортшы, атап айтқанда, Қазақстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Моңғолия, Қытайжәне Ресей көкпаршылары қатысты. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтті.

Дәстүрлі садақ ату бойынша «Арғымақ» кешенінде 33 мемлекеттің спортшылары бақ сынайды. Олардың арасында 10 қазақстандық спортшы бар. Жарыс үш түрлі нысана — пута, қалқан және жамбы нысаналары бойынша өтеді. Оның ішінде командалық сайыс та болады.

Аударыспақтан 9 мемлекеттен, 64 спортшы жарысқа түседі. Олар — Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, АҚШ, Венгрия, Қытайжәне Ресей спортшылары.

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысып, Қазақстан атынан 8 спортшы сынға түседі. Олардың 5-еуі — ерлер құрамасының, үшеуі — әйелдер құрамасының мүшелері.Мас-рестлингтен жарыстар екі күнге созылады.

«Алау» мұз айдыны сарайында асық атудан жарыс басталды.Бұл спорт түрі бойынша 12 мемлекеттен 39 спортшы бақ сынамақ. Финал11 қыркүйекке жоспарланған.

Курашқа 27 мемлекеттен 106 спортшы қатысады. Оның ішінде ерлер арасында — 5 салмақта, әйелдер арасында 3 салмақ дәржесінде белдесулер өтеді. Барлық салмақта қазақ балуандары бар.

Қазақ күресі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл спорт түрі бойынша 41 мемлекеттен274 балуан күш сынасады. Ерлер арасында да, әйелдер арасында да 8 салмақ дәрежесі бойынша ең мықты балуандар анықталатын болады.

 Айна САРЫБАЙ

aqtobegazeti.kz