Алдын алу шаралары түсіндірілді

Өткен аптаның сәрсенбісінде ауданымызға Ақтөбе облыстық  Жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының ( ЖИТС)  алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары арнайы келіп, алдын алу шаралары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Осы орайда аталған орталықтың эпидемиолог дәрігері Айнур Тургынбаева келіп, аудандық аурухананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» кабинетінің мамандарымен бірлесе Аудандық жастар орталығы мен Бадамша агро-техникалық колледжінде және де  №2 Бадамша орта мектептерінде кездесу өткізді. Жоғарыда аты айтып тұрғандай, орталық дәрігері А.Тургынбаева ЖИТС-тің алдын алу мағынасына тоқталды.

Түсінік жұмыстарын жүргізу барысында адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) ағзадағы адамның жүйке жүйесіне шабуыл жасап, инфекцияның ең дамыған сатысы жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдоромы ЖИТС, АИТВ қанның жасушаларына шабуыл жасайтындығын жеткізді. Соның салдарынан туберкулёз, тағы да басқа жұқпалы аурулармен қатар емделуі қиын онкологиялық аурудың себепшісі болуында жеткізе баяндап, кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Кездесуге келгендер де дәрігерлерге өздерінің  алғыстарын білдіріп, көңілді тарасты.

Сондай-ақ, осы айтулы күні облыстық ЖТИС  орталығының эпидемиолог дәрігері Сандуғаш  Жулмагамбетова мен  инфекционист дәрігер Айнур Махановалар да аудандық аурухана дәрігерлеріне «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия  медициналық зерттеп қарау. АИТВ жұқпасының алдын алуы» тақырыбында семинар өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Бақыт ИМАШЕВ