Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады

Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.

Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.

#ЗаңжәнеТәртіп

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok