Ақтөбе өңірінде мал иелеріне 215,7 млн теңге өтемақы төленді

 

Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары тоқтаған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес табиғи апат салдарынан мүлкі жарамсыз болып қалған, малы өлген, басқа да шығындарға ұшыраған азаматтарға барынша қолдау көрсетілуде.

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлді. Бәрінің көзі жойылды. Облысты қауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 1202 бас малға 215,7 млн теңге төленді.

Тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмыстарды жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi