Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, бұл акция тек уақытша науқан емес, тұрақты жауапкершілікке айналуы тиіс.

Бүгінгі таңда акцияға қатысқан тұрғындар саны 418 мыңнан асты, сондай-ақ 7 689 мекеме мен кәсіпорын белсенділік танытты. Нәтижесінде 105 мыңға жуық аула тазартылып, 291 саябақ пен сквердің көркі келді.

Елді мекендердің экологиялық тазалығы үшін 6 203 бірлік техника тартылып, 74 270 тонна қатты тұрмыстық қалдық полигонға шығарылды. Сонымен бірге, 207 су объектілерінің жағаулары мен 93 920 метр арықтар тазартылды. Бұл шаралардың барлығы қоршаған ортаға қамқорлық көрсету және экологиялық проблемаларды шешу бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыс.