АҚСАҚАЛДАР БАТА БЕРУДЕН БАҚ СЫНАДЫ

АҚСАҚАЛДАР БАТА БЕРУДЕН БАҚ СЫНАДЫ

Қазақ халқының өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірегейі — бата беру. Батаның мазмұны айтылатын жері мен жағдайына қарай түрленіп отырады. Мәселен, тілекті кез келген адам айта алады, ал батаны батагөй, пәтуалы сөз айтатын қариялар ғана беретіні көп жағдайда ескеріле бермейді.

Өткен аптаның бейсенбісінде келер Әз-Наурыз мерекесінің қарсаңында аудандық мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық округтерден 8 батагөй ақсақалдар бақ сынаған байқау өтті.

Оған аталмыш бөлімнің басшысы Асхат Айжарықов жетекешілік етіп, байқаудың мән-мағансын жеткізе, бақ сынаған ақсақалдарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Бисенов ақсақалдарға қолдау білдіргендер қатысқан байқауда бағы жанғандар байқалды.

Степной ауылынан келген Амангелді Тілеужанов иық тірескен замандастарынан берген батасы жоғары бағаланып, 1-орынды иеленіп, 20-наурызда өтетін облыс ақсақалдарының бата беру байқауына жолдама алды. Екінші, үшінші орын бадамшалықтардың еншісінде қалды. 2-орын Зинелғабдин Дербиспаевқа бұйырса, 3-орынға Бақыткерей Нуркаевтың еңбегі бағаланды. Байқауға қатысқандарға осы бата берудің жастар үшін тәлім-тәриесіде сөз болды. Байқауға қатысқан ақсақалдарға алғыс айтылып, уақыт бөліп белсене қатысқандары үшін ризашылық білдіріліп, құрмет көрсетілді.

Бақыт Имашев.