ӘКЕ — ӨМІРДІҢ АЛТЫН ТІРЕГІ

Әке дегеніміз — біздің өміріміздегі алтын тірек, отбасының берік қамалы. Ол — біздің қорғаушымыз, ақылшымыз және үлгіміз. Әрбір әкенің өмірінде балаларына деген махаббатының орны ерекше. Олар бізге өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеседі, сондай-ақ бізді қуаныш пен табыстарымызда қолдайды.

Осындай қасиеттерге ие мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы  Жансулу Ахметованың әкесі Жұмабай Ахметов туралы айтпақшымыз.  Ол 1967 жылы  18 мамырда дүниеге келген. Жұмабай Хайруллаұлы Жансулу қызын 2016 жылдан бастап өзі тәрбиелеп, өмір жолындағы бағыт- бағдарын  беріп келе жатырған үлгілі әке.

Ол  — күш пен қайраттың символы. Сондай-ақ, отбасын қамтамасыз ету үшін күнделікті еңбек етіп келеді. Оның тынымсыз жұмысы мен адалдығы Жансулу қызына  еңбектің қадірін үйретеді. Сонымен қатар, Жансулудың өмірінде  әкесі ең үлгі тұтар адамы. Әке ретінде өте мейірімді де сезімтал жан. Оған қоса қызының әркез қуанышты сәттерінде қасында болып, қолдау білдіріп,  өмірлік кеңестерін де беріп отырады.

Әке болу — бұл үлкен жауапкершілік. Олар балаларының қорғаушысы, ақылшысы және негізгі қолдаушысы болып табылады. Әке өз балаларына өмірде дұрыс жол табуға көмектеседі, оларға дұрыс және бұрыс арасындағы айырмашылықты үйретеді. Олар бізге қиын кезеңдерде қалай күшті болу керектігін көрсетеді. Әке ретінде  Жансулудың білім алуы мен дамуына қызығушылық танытып, үнемі мектеппен байланыс жасап, қызының қзғушылықтарына баса назар аударып, әрқашанда да жауапкершілікпен қарайды.

Әкесі қызы үшін басты орында.  Өйткені, оның қызына деген әкелік махаббаты, қамқорлығы мен қолдауы өте ерекше. Әке — бұл тек атақ емес, бұл өмір бойы сақталатын  жақсы қасиет пен жауапты міндет.

Осы орайда, Жұмабай Хайруллаұлының әрбір құрметі мен қамқорлығын бағалауы  Жансулудың  парызы, себебі ол оның өмірдегі  алтын тірегі.

Д.С.БАЙТИНА,

«В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ- нің  ДТЖЖ орынбасары