«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын қоғамның қадірлі маманы. Осы орайда «Әділет» партиясының аудандық филиалында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кездесу өтті.

Жиынға «Әділет» партиясы аудандық филиал төрағасы Надежда Заглядова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мейржан Жұбан, депутат Татьяна Глуханькова, сондай-ақ білім саласының ардагер ұстаздары мен педагогтер қатысты.

Филиал төрағасы өз сөзінде ұстаздар қауымының еңбегіне тоқталып, білімді де тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

– Ұстаз–жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік дарытып, ел болашағының қалыптасуына үлес қосатын тұлға. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен шәкірт тәрбиелеу жолындағы табанды қызметтеріңіз зор құрметке лайық. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, – деді ол.

Мерекелік шара барысында білім беру саласына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегі үшін бірқатар педагогке «Әділет» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Қазбек Әлішевтің атынан Алғыс хаттар табысталды.

Марапат иелері қатарында Қайрақты негізгі мектебінің мұғалімі Светлана Боярская, Қосестек орта мектебінің мұғалімі Елена Кереева, Әлімбет орта мектебінің мұғалімі Қайыржан Абдуахитов, В.Пацаев атындағы орта мектептің мұғалімі Наушагүл Шынтасова, Петропавл орта мектебінің мұғалімі Сауле Есенова, №2 Бадамша орта мектебінің мұғалімі Рауза Дымкарова, №1 Бадамша орта мектебінің мұғалімі Татьяна Бубекенова, Велихов негізгі мектебінің мұғалімі Гүлсара Утарова, Ащылысай орта мектебінің мұғалімі Лариса Нода, Жосалы орта мектебінің мұғалімі Күміс Елеуова, Бозтөбе негізгі мектебінің мұғалімі Нонна Абрашкина және Сазды орта мектебінің мұғалімі Ұзақбай Қажит бар.

Кездесу ұстаздар еңбегінің маңызын айқындап, білім беру саласының өкілдеріне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Қарғалы-АҚПАРАТ