Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызметті әрі қарай жүйелі түрде дамыту үшін   2024 жылдың шілде айында елімізде мемлекеттік қызметті дамытудың   2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекі­­тіл­ді. Тұжырымдаманың негізгі бағыты – мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілету, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, HR-процестерді басқару.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң әзірлеу жоспарлануда, ол мемлекеттік қызметтің миссиясын, міндеттері мен талаптарын жаңаша айқындайтын болады. Бұл заң мемлекеттік қызметке кіру және оны өткерумен ғана шектелмей, мем­лекеттік қызметшілер мен аза­маттардың қарым-қатынас мәде­ниетін жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді. Осылайша,  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәдениеттің сапасы мен деңгейін арттыруға және мемлекеттік қызметшілер мен халық арасындағы қатынастарды үйлестіруге ықпал ететіні сөзсіз. Мемлекет ұсынатын қызметтердің қолжетімділігін арттыру мен  ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын одан әрі нығайтумен қамтамасыз етілетін болады.

2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдама әлемнің жетекші елдерінің басқару практикасында қалыптасқан заманауи трендтерге сүйене отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін құруға бағытталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрократияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған үлкен жаңашылдық болмақ.

Айбек ШІЛМАНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы