«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 5 шілдеде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда бұрын заңнамалық деңгейде белгіленбеген және алғаш рет «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының әлеуетті құрбаны», «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері» және басқалар сияқты ұғымдарды қамтитын жаңа ұғымдық аппарат бар.
Мәселен, Заңды әзірлеу кезінде негізгі тәсілдер анықталды. Халықаралық тәжірибе енгізілді – төрт «П» тұжырымдамасы: серіктестік, ескерту, қудалау және жәбірленушілерге көмек.
Мысалы, біріншісі — мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың кешенді жұмысын, адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссиялар…