АДАЛ ҰРПАҚ — ЖАСТАРҒА КЕҢЕС

Петропавл ауылдық клубында аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен “Адал ұрпақ — Жастарға кеңес” атты жоба  аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Шараға жастар орталығының басшысы Мейіржан Жұбан мен Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Мейірболат Шаңдыбай қатысты.

Кездесуде жастар орталығының басшылары қазіргі кездегі жастар арасындағы ауқымды мәселелерді, оның ішінде зиянды әдеттерден қашық болу, спортпен шұғылдану, дебат сынды түрлі  ойындарының пайдасы туралы өздерінің пікірлерін ортаға салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесу спикерлерімен жүздескен жастар, өздерінің көкейінде жүрген түрлі сауалдарын жолдап және де дамудың негізгі бағыттарына серпін беретін ұсыныстарын да жеткізді.

Жиында сөз алған аудандық жастар орталығының басшысы өзінің лебізін білдірді.

-Президентіміз ұлттың келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет – сананың түзу жолымен қалыптасуымен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екендігін атап, болашағымыз жастардың қолында екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керек. Қазіргі қоғамда жастардың үлесі басым. Сондықтан да, жастарымызды жан-жақты дамыту мақсатындағы мұндай кездесулердің маңызы зор,-деп атап өтті М.Жұбан.

Сонымен қатар, Петропавл орта мектебінің ұстаздары жастармен кездесу өткізіп, оларға қолдау көрсетіп, сенім білдірген қонақтарға ауыл жастарының атынан алғыстарын білдірді.

Осылайша, жастармен өткен басқосуда жастар саясатын дамыту жолында әңгіме өрбіп, пікір алмасып, түрлі ұсыныстар мен тұшымды пікірлер айтылды.

Жұлдыз КЕНЖЕ

ТегтерКездесу