ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік кешке аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасаров, ардагер ұстаздар, бөлім басшылары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Шара әртүрлі мамандық иелерінің маңыздылығы жайындағы сахналық қойылыммен басталып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Одан кейін аудандық балалар өнер мектебі өнерпаздарының орындауындағы «Ұстазым» әні шырқалып, кештің рухани мәнін арттырды.

     

Салтанатты жиында аудан басшысы Нұрлыбек Унербаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім саласын дамытудағы еңбектеріне алғыс білдіріп, үздік 13 педагогке өз атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын  табыс етті.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасаров жүрекжарды тілегін білдіріп, ұстаздық жолында айрықша еңбегімен көзге түскен ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.

Айта кетер болсақ, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі Алия Глуханьковаға табысталды. Ал ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен №2 Бадамша орта мектебінің ӘД пәні мұғалімі Ибрагим Сакауов пен Қайрақты НМ мұғалімі Сәлима Алмышева марапатталды.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары: «Жосалы орта мектеп-балабақшасы» КММ биология пәні мұғалімі Гульнар Байменшинаға, №2 Бадамша орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назия Шаудыроваға, «Қосестек орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Светлана Мынжасароваға, «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Руслан Буранкуловқа, Қарғалы аудандық балалар өнер мектебі педагогі Жанар Кумароваға, «Балауса» балабақшасының педагогтері Ляззат Шайржанова мен Татьяна Скачковаға табыс етілді.

Ал облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары: «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Бекзада Калифке, «Ащылысай орта мектеп-балабақшасы» КММ мұғалімі Наталья Корокозға, №2 Бадамша орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нуржан Молдыбаевқа, «Петропавл орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Тасбулат Мукашевке, «Бозтобе негізгі мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Нонна Абрашкинаға тапсырылды.

Мерекелік кеште аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова әріптестерін Ұстаздар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, үздік ұстаздарға Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы мен аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гульнара Байменшина да ұстаздарды мерекемен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.

Мерекелік кеш соңы аудандық балалар өнер мектебінің өнерпаздары мен ұстаздарының әсем әні мен мың бұралған биімен өрнектеліп, зал толы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл күні ұстаздар қауымы қоғамдағы ең қадірлі мамандық иесі екендіктерін тағы бір мәрте сезініп, құрмет пен қошеметке кенелді.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА

ТегтерМереке