Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде және Қазақстан Республикасының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген.

Қарғалы аудандық сотында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу бөлігінде заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілуде және әрбір азамат құқықтық мемлекетте өмір сүру үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі қамтиды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды; мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға тап болған кезде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгіну қажет. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін тұлға мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған тұлға заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Осы әдістерді қолдана отырып, Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қоса алады.

 

                                                                  Анар ЖЕНСИКБАЕВА,

Қарғалы аудандық сотының аға  сот  приставы.