Аудан әкімінің 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері!
Қымбатты қарғалылықтар!
Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл – Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр.
Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ерекше күн.
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.
Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Бейбіт аспанымыздың астында қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қараймыз.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен өңірлеріміздің гүлденуі де – осынау Ұлы Жеңістің арқасында мүмкін болып отыр.
Қасиетті қазақ топырағынан аттанған екі миллионға жуық ұлдар мен қыздар сұрапыл соғысқа қатысты. Миллиондаған адам «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен бел шешпей еңбек етті.
Шартарапты шарпыған Ұлы Отан соғысы, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматымыздың жүрегіне қаралы ізін қалдырмай қоймады.
Бүгінгі жас буын Жеңіс жауынгерлері алдында мәңгі борыштар, сондықтан да ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін аудандық деңгейде барлық мүмкін болған нәрселерді жасаудамыз.
Қымбатты жерлестер!
Біз Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қазақстандық батырларды құрметтеуге міндеттіміз. Жастарға патриоттық тәрбие беру ісін, Жеңістің биылғы 80 жылдығына орай аудан көлемінде көптеген ауқымды шаралар қолға алынып орындалуда.
Бұл ерекше күнде сіздерге мықты денсаулық, жан-жақтарыңызға бейбітшілік, ізгілік пен береке, шуақты сәттер тілеймін!
Құрметпен,
аудан әкімі Н.Унербаев