МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖЕТІСТІГІ

Ағымдағы жылдың 25-27 сәуір күндері Қандыағаш қаласы мен мамырдың 2-4 күндері Хромтау қаласында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.

          Спартакиадаға Ақтөбе қаласы және облысқа қарасты аудандардан 250-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, 15 команда өзара бақ сынасты.

Бұл спорттық додада аудан намысын қорғаған мемлекеттік қызметшілеріміз  спорттың 9 түрінен сынға түсіп, өздерінің  қабілеттері мен күш жігерлерінің, ұжымдық ауызбіршіліктерінің арқасында, нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Жарыс ойындары спорттың қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол түрлерінен өтті. Спартакиада ойындарының қорытындысы бойынша біздің ауданымыздың спортшылары жалпы 15 команданың ішінен 6 орынға тұрақтады.

Айта кететін болсақ, аудан командасы волейбол ойыны бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Волейбол ойыншыларының құрамында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, аудан әкімінің орынбасары Бекзат Бадаков, бөлім басшылары мен мамандары Қуаныш Гусманов, Тимур Абдуллин, Сұңғат Нұрлымұратов, Нұрсұлтан Таубаев, Ерлан Куанышов, Жігер Сатқанов, Гүлден Алтаева, Балдырған Қожашева, Гульмира Минасарова бар.

Сондай-ақ, біздің ауданымыз Жүзу спортынан да жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1 орынды, ал Жүзу (эстафета микс) 2 орынға қол жеткізді.  Бұл спорт бойынша өнер көрсеткендер: Диана Абдулова, Ерболат Султанов, Евгений Султанов. Сонымен қатар, Жүзу спорты бойынша жекелей өнер көрсетіп, еркін жүзуден 1 орынды Диана Абдулова,  арқамен жүзуден 2 орынды Геннадий Новиков, еркін жүзуден 2 орынды Евгений Султанов ие болды.

Аудан командасы арқан тартыстан да нәтижелі ойын өрнегін көрсете білді. Бұл спорт түрінен де жүлделі 1 орынды иеленді.  Ойын өрнегін көрсеткен спортшыларымыз: Ерболат Султанов, Евгений Султанов, Сұңғат Нұрлымұратов, Геннадий Новиков, Қайсар Жолдыбаев, Ақнұр Габидуллина, Бибігүл Есеева.

Осылайша, екі күнге созылған жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада жерлестеріміз аудан намысын асқақтатып, үздік нәтижеге қол жеткізді.

Қарғалы-АҚПАРАТ