ӨНЕРДІҢ ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ

Өткен аптада VII Республикалық жас орындаушылардың және халық аспаптары ансамблі “Ұлы дала мұрасы” фестивал-байқауына қатысқан аудандық балалар өнер мектебінің оқушыларынан құрылған “Нұр” және “Өркен” ансамблі жүлделі І орынға ие болды.
Атап айтар болсақ, Ақтөбе қаласында 29 сәуір күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен “Ұлы дала мұрасы” атты республикалық жас орындаушылар және халық аспаптары ансамбльдері мен оркестрлерінің фестиваль-байқауы өткен болатын. Байқауға Атырау, Ақтөбе облсынан 100-ге жуық жас домбырашылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Осы өткен республикалық жас орындаушылар және халық аспаптар ансамблдік орындаушылар арасынан біздің аудандық өнер мектебінің өнерпаздары ерекше көзге түсіп, нәтижесінде жүлделі орындарға қол жеткізді. Сондай-ақ, жеке дара орындауда өнер көрсеткен Мейрам Амандық,
Дәулет Жаныс, Абылай Көмекбай, Каусар Жетпісбай, Ернар Еділхан жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен, ал Сұлтан Уәлихан мен Қасымжомарт Пахрадинов ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Осылайша, өнерлі өрендеріміздің өнерлері жоғары дәрежеде бағаланып, жауһазын жас домбырашыларымыз аудан мерейін асқақ етті.
Тілек БЕГАЙДАРОВ